"STANDARD STEEL KZ" ЖШС

Мырыш және мыс концентраттарын өндіру және «STANDARD» индустриялық аймағы

Жоба өңірдегі қоршаған орта жағдайын қорғасын қалдықтарын жою және аумақтарды көгалдандыру арқылы жақсартуға бағытталған. «STANDARD STEEL KZ» ЖШС пайдалы металдарды бөліп алу және құрылыс материалдарын өндіруге арналған қалдықсыз қайта өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында қорғасын қалдықтарын қайта өңдеумен айналысады.

Индустриялық аймақты құру және дамыту тұжырымдамасына сәйкес бұрынғы қорғасын зауытының аумағында қорғасын өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу (байыту фабрикасы және мырыш оксидін өндіру) және өндірістік ғимараттар салу жобасы іске асырылуда.
Жобаның экологиялық маңызы
Жоба қорғасын қалдықтарын жою және аумақтарды көгалдандыру арқылы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Пайдалы металдарды бөліп алу және қалдықсыз қайта өңдеуді қамтамасыз ету.
Жоба туралы ақпарат
Жобалық қуаттылығы, құрылатын жумыс орындарының саны және өткізу нарығы
Қорғасын қалдықтарын жою
2,5 миллион тоннадан астам қорғасын қалдықтарын жою және аумақтарды көгалдандыру
Қалдықсыз қайта өндеу
Қалдықтарды құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалану
Жұмыс орындары
Жоба аясында құрылатын жұмыс орындарының саны - 600
Пайдалы металдарды бөліп алу
Мырыш оксидін, мысты және күмісті боліп алу мақсатында қорғасын қалдықтарын қайта өндеу
Жобалық қуаттылығы
Жылына 300 000 тонна
Өткізу нарығы
100% сыртқы нарық
Жобаның әлеуметтік маңызы
Экономикада жаңа жұмыс орындарын құру және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ету.
  • Экологияны жақсарту
    Қорғасын қалдықтарын жою адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерді азайтады.
  • Жұмыс орындарын құру
    Жоба жаңа жұмыс орындарын құру арқылы өңір экономикасының дамуына ықпал етеді.
  • Қалдықсыз қайта өңдеу
    Қалдықтарды құрылыс материалдарын өндіруде пайдалану олардың 100% қайта өңделуін қамтамасыз етеді.
  • Пайдалы металдарды бөліп алу
    Қорғасын қалдықтарын қайта өңдеу нәтижесінде мырыш оксиді, мыс және күміс бөлініп алынады, бұл табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал етеді.
Өндірістің фотогалереясы
Байланыс ақпараты:
+7 7252 551314
info@sskz.kz
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Толе Би көш., 25